01.12.2023
Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогикалық қолдау орталығының жоспары бойынша құрылған отбасы "Әкем , анам және мен" тақырыбы аясында спорттық сайыс өткізілді. Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі! Бұл жарыс - отбасылардың қатысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектепте 5 сыныптар оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізіліп отыр. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді. Сайысты бастар алдында құттықтау сөзі мектебіміздің директорының міндетін атқарушы Харахыз Бакытгулге берілді. Әділқазылар әділ баға беретін мектеп директорының м.а Харахыз Б және бастауыш сынып жетекшісі Нажикенова Ж.Б. Спорттық сайысқа Наурызбай отбасы. " Шанарбек отбасы Бақытбел отбасылары қатысып номинация бойынша мараппатталды. Спорт өте қызықты жақсы өткізілді. Спорттық отбасылық сайысты жауаптана жүргізген Денешынықтыру мұғалімі Тойшубеков Б.А болды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Бақытгүл