05.01.24ж. Бастау ауылының № 2 ЖОББМ 3-ші сынып оқушылардың арасында қысқы демалыс кезіндегі жоспарланған «Бақытты сәт» интеллектуалдық ойын іс шарасы өткізілді.
Қойылған мақсат: Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау,сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
Бұл ойын білімнің әртүрлі салаларын қамтыды: математика, әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі мен орыс тілі және жалпы сұрақтар. Балалар «Алғыр» мен «Білгір» боп екі топқа бөлініп бірнеше қызықты тапсырмаларды орындады . «Кім білгір?» сұрақ- жауап арқылы «Алғыр» мен «Білгір» топтары өз білім деңгейлерін көрсете білді. «Ойлан, тап!» кезеңінде сөзжұмбақ шешілді, «Полиглот » кезеңінде , берілген суреттердің орысша –қазақша атауларын атап берді. «Көңілді сәт!» кезеңінде математика мен қазақ тілінен қызықты тапсырмалар болды. Әр кезеңге барлық балалар белсенді қатысып , өз білім деңгейлерін жақсы нәтижемен көрсете білді.
Қорыта айтқанда, әр топ мадақтамамен және әр бала сыйлықтармен марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімі: Коспаева А.Ж.