19.02-23.02.2024ж. Бастау ауылының №2 ЖОББМ бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің апталығы басталды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің отырысында талқыланды және мектеп директорымен бекітілді.
Апталықтың мақсаты: жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін,белсенділігін арттыру. Білімге деген құштарлығын ояту,өмірде оны қолдана білу,проблеманы шешу дағдысын үйрете отырып тұлға ретінде қалыптастыру. Әр баланың қабілетін таныта отырып, одан әрі дамуына жағдай туғызу.
Мектеп – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, мектеп – білім кені, мектеп – екінші үйің, мектеп – алтын ұяң. Басты нысаны - сабақ оқыту, үйрету. Сонымен қатар мұғалімдер оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс жасап, бүгінгі күнде шеберліктерін шыңдап, жаңашыл мұғалім атағына лайықты еңбек етіп жатыр.
Апталық қарсаңында мектеп тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, түрлі әдемі суреттермен, фотсуреттермен , гүлдермен безендірілді. Бастауыш сынып оқушылары « Оқып біліп үйренеміз» әнін орындады, мектеп ұжымы да қатысып берілген сұрақтарға сауатты жауап берді. Білім алу әр кезде қызықты болу керек. Сонда ғана білімнің қалыптасуы нәтижелі болады. Бұл оймен біздің барлық ұстаздар келіседі. Білім алу көлемі күрделене түскен сайын мұғалімдердің алдында жаңа мақсаттар туындайды. Кез-келген мұғалім сабақ барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру үшін әрекет жасайды.
Әріптестеріме алдағы жұмыстарына сәттілік пен толағай табыстар тілеймін.
Бастауыш сынып мұғалімі: Коспаева А.Ж.