Бүгін ата-аналар баланы мектепке дейінгі ұйымға ресімдеу үшін көрсетілетін электрондық қызметті, қызметті берушінің қатысуынсыз ала алады.
Бұл үшін ЭЦҚ-ны электрондық үкімет egov.kz сайтынан алыстан алу қажет.
Содан кейін akmola.kz сайтына мектепке дейінгі балалар ұйымына кезекке тұру үшін өтініш бересіз.
Кезекке кіру мүмкіндігі ашылғаннан кейін (егер ұсынылған орындардың ішінде балабақша болса) бағытты алу үшін akmola.kz жүйесіне белсенді түйме арқылы кіру қажет.
akmola.kz - жүйесі ата-аналарды sms және email электрондық хабарламалар арқылы қажетті әрекеттер туралы хабардар етеді.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қою және жолдама беру үдерісін автоматтандыру бойынша толық нұсқаулықты akmola.kz сайтынан көшіріп алуға болады.