23.02.2024
22.02.24ж. Бастау ауылының № 2 ЖОББМ бастауыш сынып апталығының жоспары бойынша қашықтықтан ZOOM платформа арқылы 1-4 сыныптар оқушылардың арасында «Білімділер бәйгесі » -интеллектулдық ойын жүргізілді.
Бұл іс –шараға келесі мақсаттар қойылды: оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау,сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
Мақсаттарға жету үшін Wordwall.net және Bilimland платформасынан қызықты ойындар құрастырылды. Мысалы: «Ұлттық ойындар », « Ұяшықты аш» , «Қызықты викториналық сұрақтар», «Әуе шарын жару» т.б. оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін дәлелдеп өз интеллектуалдық ойларын асырып , шығармашылықтарын дамытып көбірек ұпай жинауға тырысты. Бұл ойындар білімнің әртүрлі салаларын қамтыды: математика, әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі мен орыс тілі .
Әр кезеңге барлық балалар белсенді қатысып , өз білім деңгейлерін жақсы нәтижемен көрсете білді.
Қорыта айтқанда, әр топ мадақтамамен және әр бала сыйлықтармен марапатталды.
Бастау ауылының № 2 ЖОББМ әдістемелік бірлестігі