23.02.2024
22.02.2024ж. Бастау ауылының №2 ЖОББМ бастауыш сыныптарының апталығы жабылуына орай қашықтық іс-шара жүргізілді. Апталыққа қойылған мақсаттарға сай жоспар құрылып, сол жоспар бойынша апта бойы ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Әр сынып жетекшісі ауа райының жағдайына байланысты сабақ өткізу мәселесіне ерекше шешім қабылдады. Қазіргі заман мүмкіндігі өткізілетін сабақтар жаңашыл технологиялар арқылы балаларға сапалы білім беруге, баланың шығармашылығын дамытуға,қызығушылығын оятуға түрлі сайт платформаларын ұсынып тұр. Қашықтықтан өткізілген сабақтар сол платформалардағы көптеген интеллектуалдық ойындар,қызықты тапсырмалар, Сонымен, апталықтың жабыылуы да келіп қалды. Балалармен WhatsApp, wordwall, Bilimland сияқты платформалармен ән-шашу, өлең айту, сурет салу жұмыстар жасалды. Ұстаздар қорытындау кезеңінде өз оқушыларын:
Б- білімді
А- ақылды
С- саналы
Т- талапты
А- алғыр
У- уәдесіне берік
Ы- ынталы
Ш- шәкірттер деп сипаттап шықты.
Балалар алғыс сөздермен марапатталды.
Бастау ауылының № 2 ЖОББМ әдістемелік бірлестігі