Ұлы Отан соғысы аяқталып, бүкіл жұрт бөркін аспанға атып қуанғанына 75 жыл толды.
Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға.
1.Оқушылардың туған елінің, туған жерінің тарихын зерттеуге уәждемесі
2. Жастарға патриоттық тәрбие берудің үздік дәстүрлерін сақтау және дамыту;
3. Еске алу күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға жеке қатысу қажеттілігін, жауапкершілікті тәрбиелеу мақсатында мерейтойға орай мектеп оқушылары қашықтық оқытуда отырса да, іс-шараларға белсенді қатысуда. Бастауыш сынып оқушылары тақырыпқа сай сурет салумен қатар, видео ролик түсірді. 2 сынып оқушысы Ысқақ Аяулым «Катюша» әнін орындаса, 1сыныптан 9 сынып аралығында «Ерлік мәңгі біздің жүрегімізде» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының міндеттері: - азаматтық сана-сезім мен сыни ойлауды дамыту- эмоционалдық қайырымдылыққа тәрбиелеу;- білім алушылардың бойында патриоттық сезімді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.