Тарихтың тағы бір беті – жеңіс пен жетістіктер артта қалды. Онда Тұңғыш Елбасының көшелі көрегендігі мен асқан кемеңгерлігі жатыр.
Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза шапқан бүгінгі бас қала – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі. Арманы мен тілегінің кепілі. Сондықтан, жас елордамыз көркейіп, гүлдене берсін деп тілек білдіруші 7 сыныптың жас өрендері де өздерінің Астана қаласының туған күніне арнап Наурызбай Іңкәр «Астана» әнін орындаса, Көкенай Ақерке өз шығармашылығынан өлең жазып, Полянский Руслан ұлты орыс болса да, жүрегім қазақ ұлты деп соғады деп өлең шумақтақтарын яғни жылы лебіздерін білдірді! Біз баянды болашаққа жол ашқан Астананың мәртебесіне сай болуға тиіспіз деп оқушылар өздерінің Қазақстан Республикасының патриоттары екендігін тағы да дәлелдеп айтты.
Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеп келе жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл баурайды. Оның ертеңіне барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігуде. Осынау айтулы күні барлық ақмолалықтардың атынан Тұңғыш Президентіміз – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және әрбір Қазақстандықты қала күні мерекесімен құттықтаймыз!