Текст
2017 жыл Қазақстан үшін аса бір маңызды жылдардың бірі болды. Себебі біздің мемлекет әлемдегі ірі жобаны өткізді. Бұл жоба – "EXPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі. "ЕХРО-2017" көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орынына айналды. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысты. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтті.