Текст
Бастау ауылы №2 орта мектебіндегі жазғы кезеңдегі 5-сынып оқушыларымен «Дананың сөзі-ақылдың көзі» атты 28.07.2020-09.08.2020ж аралығындағы жүргізіліп жатқан үйірме жұмысының негізінде би-шешендеріміздің даналықтарын, шешендік сөздерін, қара қылды қақ жарған әділдіктері мен төреліктері, тапқырлығы жайындағы тәрбиелік мәні зор шешендік сөздері мен әңгімелерін оқып танысты. «Би-шешендердің даналығы» коллаж жасады.Кемеңгер билеріміздің шешендік даналықтарын мәнерлеп жатқа оқыды. Жазғы демалыс уақытында уақыттарын босқа өткізбей, би-шешендердің даналықтарынан, шешендіктерінен ғибратты әңгімелерінен тіл тазалығы, сөз мәдениеттілігі, жүйелі сөйлеуге дағдылана алды деп ойлаймын.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хамбар Сайрагуль