Бастау ауылы №2 орта мектебіндегі жазғы кезеңдегі 6-сынып оқушыларымен «Ақындар әлемі» атты 10.08.2020-23.08.2020ж аралығындағы жүргізіліп жатқан үйірме жұмысының негізінде ақындарымыздың өлең, поэзиясына терең үңіле оқушыларды адамгершілік тәрбиеге, патриотизм тәрбиеге, өнегелікке тәрбиелеу арқылы бойларына жақсы қасиеттерді сіңірту. Үйірме жұмысын Абай ақынымыздың поэзиясын, қара сөздерін, аудармаларын балаларға оқытып тәлім алудан бастадым. 10тамыз күніне орай Хакім ұлы ақынымыздың «Абай күні» арналған поэзиясын, даналықтарын, үлылығын дәріптеу мақсатында ақынның 175 жылдығына арналған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу челленджісін ұйымдастырдым. Соның бірі болып 6-сынып оқушысы Хиватдолда Жансая ақынның «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңін мәнерлеп оқыды. Жансая өлең мазмұнын терең түсіне, нақышына келтіре мәнерлеп айта білді.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хамбар Сайрагуль