Бастау ауылы № 2 орта мектебінің «Намыс» аула клубы 5 сыныппен қашықтық түрде жұмысын бастады. Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда аула клубтарының маңызы зор. Аула клубының мақсаты - оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту жалпы баланы жан-жақты дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады. Өйткені, өз ортасында жүрген баланың жауапкершілігі артады. Аула клубы дегеніміз - жастар мен жасөспірім, сондай-ақ, балаларға арналған мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие мен қосымша әртүрлі саладағы үйірмелерге баулайтын тәрбие беретін ұйым түрі. Бұл ұйым түрі балалардың болашақта жан-жақты, білімді, мәдениетті, ең бастысы көрегенді әрі тәрбиелі боп қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. 5 сынып оқушылары таңертең жаттығуларды жасап, таза ауада снарядпен жұмыс жасайды. Күнде берілген тапсырмаларды орындап отырады. Балалар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайды.
Дене шынықтыру мұғалімі Тойшубеков Б.А.