Бастау ауылы №2 орта мектебінде «Тіл- достықтың кепілі» тақырыбында тілдер апталығы өткізілді. Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараға 1-8 сыныптар белсене қатынасып, өте жауапкершілікпен өлең, тақпақтар айтып, тамаша суреттер салынды. Әр сынып жетекшілері оқушыларына риза болды. Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз-тіліміз. «Адамға екі тірек тегі, Бірі- тіл, бірі ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай , кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ . Біздің отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында деп түйіндеді, Кенжебаева Зухра Қуаншбекқызы.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б.