Текст
Қыркүйектің 29-да Искакова Гульден Тлеугабыловна 6 сынып оқушыларымен «Мейірімге толы жүрек» сынып сағатын, Zoom платформасын қолдана отырып өткізді. Сабаққа 7 оқушы қатысты. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды мейірімді болуға, қайырымдық көрсетуге дағдыландыру. Сабақта оқушылар: «Мейірімділікті қалай көрсетуге болады? Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?»- сұрақтартарға пікірлесті. Оқушылар “Мейірімділік” кестесін толтырды, шығармашылық жұмысты орындады. Сабақтың соңында бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.