Бүгінгі заман талабына сай қоғам өмірінде заманауи технологияларға деген қажеттілік күн сайын артып, үздіксіз оқытуды дамытуда «желі» маңызды рөл атқаруда. Басқа білім беру мекемелерімен ынтымақтастықта бірлескен оқу мәлелелері бойынша оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер жөнінде пікір алмасып, талдап, күнделікті тәжірибеде қолданылып отырсақ, уақыт көшінен қалмай, оқушыларға сапалы білім берудің негізі қаланары айқын. Білім жүйесіне соңғы жылдары жекеленген заманауи жобаларды, жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен оқу орындарды қамтылуда, сондықтан жаңа әдіс-тәсілдерді оқыту үдерісінде қолданудың да маңыздылығы артып жатыр. Өз басым заманның технологиялануына өте қуанамын және де желі арқылы жұмыс істейтін қоғамдастықтың өте тиімді екендігін айқын түсінемін. Тек ғаламтор арқылы желі көмегімен алыста жатқан, әсіресе ауа-райының бұзылуына байланысты жол болмайтын ауыл мектептері үшін оқыту мен оқуда нақты өзгерістердің орын алуына ықпалын тигізетіні айқын. Дегенмен де, бұл заманауи қажеттіліктің шынайы себептерін анықтап алу керек сияқты, неліктен, қандай жағдайда, қалайша сұрақтарына жауап беру арқылы ғана жаңалық енгізе бастауға мүмкіндік болады және тек сонда ғана нәтиже болады. Сондықтан өзгеріс енгізбес бұрын мектептің мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін зерттеп алу керек, неліктен өзгеріс енгізу керек? Қалай жүзеге асырамыз? Неден бастаймыз? Желілік қоғамдастық аясында білім жетілдіруге, кәсіби деңгейіңді көтеруге, әріптестерімізбен бірігіп зерттеулер жүргізуге сол арқылы мектептің дамуына ықпал етуге болады. Мен алдағы уақытта осы жұмысты ұйымдастыра алатыныма сенімдімін. Мектептегі деңгейлік курстан өткен әріптестеріммен қосылып «Игі қадам» атты желілік қоғамдастық құрамыз деп жоспарладық. Желілік қоғамдастық орнатқаннан кейін, жұмысымызды конференция түрінде тәжірибе алмасуды, көршілес мектептермен шебер сынып, вебинарлар, ашық сабақтар, коучингтер, тренингтер өткізіп көруді де жоспарға енгіздік. Аттестатциядан өтетін әріптестеріміз өткізетін семинарларды жоспарлау кезінде орта мерзімді тізбектелген ашық сабақтар, коучингтер, ата-аналармен жұмыс түрлері, оқушылармен өткізілетін іс-шаралар қарастырылған. Желінің жұмысын ұйымдастыруда мектеп директорлары өзара келісе отырып, белсенділік танытса, желілік қоғамдастық жұмысы нәтиже беретіні анық. Желілік қоғамдастықтың жұмысын әрдайым өлшеп, талдап, мониторинг жасап, оны жариялап отыру керек. Әр өткізілген іс-шарадан кері байланыс алып отыру үшін «Біз не үйрендік?» деген сұраққа өзіндік талдау жасалады. Міндетті түрде аралық бақылау жасап, деректерді салыстырып, қоғамдастық жұмысының ықпалын анықтап отырамыз. Желілік қоғамдастық өз нәтижесін беру үшін бастысы - қоғамдастықтағы мектептермен сенімділік орната білуді басты назарға алуымыз керек деп ойлаймын.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебаева З.Қ.