Мектебімізден 7-сынып оқушысы Имаш Досымжан «Балдәурен оқу - сауықтыру орталығында» 20 күнге оқып демалып келді.Ақмола облысының ауыл, аудан, қалаларынан оқушылары келіп, 14 отряд құрылып білім алып, демалған. Досымжан Балдәурен оқу- сауықтыру орталығына барып, білім алып келгеніне өте риза. Себебі онда барлық пәндер бойынша тереңдетіп білім алумен қатар үйірмелер, көптеген сабақтан тыс уақыттарда іс-шаралар өткізіліп,төрт уақыт тамақтанған. Балалар өз талантын көрсете білген.Атап айтар болсақ , сабақтан кейін бос уақыттарын әр түрлі үйірмелерге қатысқан, Бурабайдың табиғат аясында серуендеген. Сонымен қатар арнайы «Күзгі балл», «Спорттық жарыстар» ұйымдастырылған.Бұл сайыстарда командалық топтармен Досымжанның тобы жоғары жетістікке жеткен. Досымжан өзі «Үстел теннисі» ойынынан ІІ орын иеленген. Негізгі пәндер бойынша жоғарғы балл жинап, өз білімін шыңдай алыпты. Жалпы бұл Республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұстаздарына , тәрбиешілеріне,вожатыйларына ауылдан барған оқушыларымыздығ жан-жақты білімдерін шыңдап, әр түрлі қызықты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылғандарына алғысымызды білдіреміз.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хамбар Сайрагуль