Күз. Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең бір адамзат баласына көтеріңкі көңіл күй мен тамаша әсер сыйлайтын ғажайып шақ. Онымен қоймай бірден бір еңбекке және ұйымшылдыққа баулыйтын мезгіл деседе болады. Жыл бойы мол азығымызды да осы бір берекелі күз береді емес пе?! Осыған орай сары желекке оранған «Алтын күз » . Жыл сайын мамыражай жететін күз мезгілінің халық үшін қашанда маңызы зор. Оның артықшылықтарын айтып тауыса алмаймыз... Біз әрбір күз маусымы келген сайын балаларға оның мән-маңызын, ырзық-несібесін түсіндіру мақсатында суреттер салдырдық. Мұнда 1 ші сынып және 2 ші сынып суреттерін салып көрсетті. Мұндай кезінде балалар өздеріне ұнайтын жеміс-жидектер, дәнді дақылдар, көкөністер бейнеленген немесе басқа да қызықты да қызығарлықтай суреттерін салып ойларын суреттер арқылы жеткізе білді. Бұл өз кезегінде жас өскіннің өз туған жерінің қасиетін ұғынуға, табиғатты сүюді үйренуге көмектеседі. Міне күз осындай қасиетімен ерекше.Алтын күз.
Сынып жетекшісі: Ербалина С.Н.