Күзгі оқушылардың демалыс уақытында 7-сынып оқушыларымен қашықтықтан «Қоршаған орта және Мен» тақырыбы бойынша экологиялық тәрбие сағаты өткізілді. Қоршаған ортаның адам өмірімен тығыз байланыста екені белгілі.
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті аппақ қайың.
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы - деп С.Сейфуллин жырлағандай жасыл орманды табиғаттың жұпар иісті ауасы жанға дауа, дертке шипа емес пе! Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау, қорғау, ластамау әрбір адамның борышы десек артық айтқан болмас. Сондықтан да 7-сынып оқушылары қоршаған орта табиғатқа деген ізгі ниет, қамқорлықтарын сурет салу және қоршаған орта табиғатымызға деген сүйіспеншіліктерін өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқумен жеткізе білді. Өлең шумақтарын Айжұлдыз бен Жансая әсерлі жеткізе білді. Табиғат сыры жайлы суретті Рүстем, Елдар, Жансаяның суреттерін ерекше атауға болады. Жалпы айтар болсақ, оқушылардың қоршаған орта табиғатқа деген сүйіспеншіліктері мен қорғай алатындарына, таза ұстаулары басты қағида екендеріне көзімізді жеткізе алды.
Сынып жетекшісі Хамбар С.