23 қараша - Жалпыадамзаттық құндылықтар күні. Әрбір адам өмірге адал өмір сүру, адамдарға риясыз қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану, кез келген жағдайда сабырлық сақтап, ақыл-парасатына жүгіну, ешкімге және ешнәрсеге қиянат жасамау үшін келеді. Бүгін 23 қараша күні Бастау ауылы №2 орта мектебінде Өзін-өзі тану сағаты өтті. Сынып сағатының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі». Өзін-өзі тану сағатының мақсаты- «бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету. Даярлық тобынан бастап 10 сыныпқа дейін аталған өзін-өзі тану сағатын сынып жетекшілері өткізді. Мұғалімдер құндылықтар туралы, олардың қасиеттері туралы сөйлесіп, жағдаяттарды шешті. Даярлық тобы мен бастауыш сыныптардың сынып сағатында презентация көрсетілді, ал 5-10 сыныптарда құндылықтар туралы бейнероликтер көрсетілді. Өзін-өзі тану сағатына мұғалімдер мен оқушылар белсене қатысты.
Өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Тойшубекова А.Т.