Бастау ауылы №2 орта мектебінде 24-ші қарашасында 3-4 сыныптарда «Болашаққа- бастар жол» тақырыбы бойынша ашық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған «Нұрлы жол» жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Сынып сағатының барысында әнұран орындалып, деректі фильм көрсетілді және сонымен қатар балалар Отан, туған жер , еліміздің рәміздері туралы өлеңдер айтты. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Біздің еліміз қиын оқиғаларды бастан кешіріп, тәуелсіздігімізді алып, бүгінгі таңда көп жетістіктерге қол жеткіздік.Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!
Бастауыш сынып мұғалімі: Коспаева А.Ж.