Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Барлық жерлерде Тәуелсіздіке арналған ертеңгіліктер, тәрбие сағаттар және ашық сабақтар өтеді. Осы мерекеге орай біздің мактепте Бастау ауылы № 2 орта мектебінде даярлық тобында «Тәуелсіздік - тұғырым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты құттықтау сөзінен басталды, содан кейін балалар Отан туралы, рәміздер туралы, президент туралы тақпақтарды мәнерлеп оқыды. Ұлдар тобы «Қара жорға» биін көрсетті, қыздар «Қамажай» биін биледі. Туған жер, туған ел туралы өлеңдерің орындады. Барлық балалар тәрбие сағатына белсене қатысып, ұлттық киіммен сахнаға шықты. Қатысқан үшін балаларға мың алғыс. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар!
Даярлық тобының мұғалімі Тойшубекова А.Т.