Мақсаты:
Балаларды көшедегі қауіпсіздікпен таныстыру. Есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады.
Үшеуінен байқасам,
Үш түсті нұр шашады.
Жолда жүру ережесімен балалар мектепте не балабақшада алғаш келген сәтінен таныстыралады. Жүру ережесін сақтау өте маңызды. Балалар жолда өткенде әсіресе абай болуы қажет.
Бағдаршам тілін үйрету де қажет. Бағдаршамның сары түсінде жолдан өтуге дайындалып, жасыл түсі жанғанда өтуге болады. Бұл бізге ең алғаш түсіндірілетін жол ережелері болып табылады.
Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қауіпсіз дөңгелек» тақырыбында іс-шара өткізілді. Даярлық тобының және шағын балабақша орталығының бүлдіршіндері жол ережелерін, белгілерді қайталады.
Іс-шараға барлық бүлдіршіндер белсенді қатысты.
Даярлық тобы тәрбиешісі Тойшубекова А.Т.