Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-11 сынып оқушылары ауылымыздың кітапханасына, ауруханасына, кеңсеге барып саяхат жасалы. Әрбір жұмысшылардан көптеген мәліметтер алды. Еңбекқор азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде мойындау барша мамандар үшін жақсы ынталандыру болып табылады, сонымен қатар еңбек адамының беделін де арттырады. Қазақстандағы «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы – ел экономикасының дамуы, жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және еліміздің өндірістік әлеуетін арттыру үшін маңызды қадам. Бұл шаралар арқылы мемлекетіміз кәсіби білікті мамандарды даярлап, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеріп, экономикалық даму мен әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етеді. Оқушылар әрбір жұмыскер мамандарымен сұхбаттасып суретке түсті.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б