Бүгін мектебімізде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 3,4,5 сынып оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты шара өтті. Мектеп әкімшілігі Харахыз Бақытгүл мен Бекей Айнұр балаларға салтанатты түрде төсбелгі мен галстук табыстап, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласуларына тілектестігін білдірді. Әрқашан өз елінің патриоты болып жүре беріңіздер!