«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш сынып апталығының ашылуы»

13.10.2025

Бүгін 13.10.2025ж. «Ақмола облысы білім басқармасының  Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта  білім беретін мектебі» КММ  дәстүрлі бастауыш сынып апталығының ашылу салтанатты өтті. Апталықтың басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру және мектеп өміріне белсенді араласуға баулу.

Іс-шараны мектеп директорының міндетін атқарушы Харахыз Бакытгуль  ашып, жас бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Өз сөзінде ол бастауыш буынның – мектептің іргетасы екенін, ал бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі ерекше құрметке лайық екенін атап өтті.

Апталықтың ұраны: «Білімге бастау – бастауыштан!»
Шара барысында оқушылар әсем ән айтып, би билеп, мәнерлеп өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе 1-сынып оқушыларының алғашқы сахнадағы өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Апталық аясында түрлі танымдық және шығармашылық бағыттағы іс-шаралар өтеді.

Бастауыш сынып апталығы – оқушылардың оқу жетістіктерін көрсетуге, өзіне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік беретін маңызды дәстүрлі мереке.

Апталық соңында белсенді қатысқан оқушылар мен мұғалімдер марапатталып, үздік сыныптар анықталатын болады.

 

ӘБ жетекшісі Тайбагарова З.К.

 

Просмотров: 76


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст