«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ»

17.11.2022

Халқымыз қай заманда да білімді алдыңғы орынға қойып, қастерлеген. Қашанда білімді жанып тұрған шыраққа балап бағалаймыз. Білімді адамдарын ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «жаныңда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал етеді.  Осындай жаны жайсаң азаматшаның бірі –  Бегежанова Батима Жанажолқызы.  Батима Жанажолқызы басшылық, ұйымдастырушылық жұмыстарна тәнтіміз, өзінің кәсіби деңгейін биіктетіп, өнерінің өріс алуына барынша талпынатын  жан. Ол кісі еңбек жолын қарапайым ұстаздық жолдан бастап, мектеп директорының қызметініне дейін көтерілуі ерең еңбектің, таудай талаптың, алып күштің арқасы деп білеміз.Сабырлы мінез, сырбаз қалпынан, қарапайымдылығынан айнымайтын, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, мейірімді де қайырымды басшы қашанда әділет жолында. мектептегі әрбір жанға – мейлі, ол оқушы болсын, оқытушы-ұстаз болсын,, бәріне бірдей жылы амандасып, күлімдей қарап, олардың ұсыныстары мен талап-тілектерін, өтініштерін тыңдауға дайын тұрады.– Бүгінгі таңда еңбек демалыстағы Батима Жаңажолқызына  зор денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар, отбасына баянды бақыт тілеймін. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп айтқандай, білікті де шебер басшы, сан қырлы дарын иесіне  ақылшымыз, қолканатымызға алғысымыз шексіз.

 Осы бір алғыс айту күнінде сізге өз атымнан ұжымның атынан алғыс айтамын!

       

Бастау ауылының  №2  ЖОББМ директорының м.а  Б Харахыз



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.11.2022 22:46
Құрылған күні: 17.11.2022 22:49

Текст