Текст
Бүгін, 15.09.25ж Бастау ауылының N2 ЖОББМ "Тіл-ұлттың жаны" тақырыбында 5-11-сынып оқушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.Мәнерлеп оқудың мақсаты оқушылдың ана тілімізге, Отанымызға, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, әдет-ғұрып, салт -санамызға , өткен тарихымыз бен келешегімізге деген ізгі құрмет, ұлтжандылықтарын арттырып нығайту. Оқушылар өз шығармашылық өлеңдерін, ақын өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқи білді. І орын 11-сынып оқушысы Нұрболат Мақпал, ІІ орын 9-сынып оқушылары Наурызбай Аружан мен Жанарбек Ақбота. ІІІ орын 5-сынып оқушылары Наурызбайқызы Рамина мен Шарив Айару иеленді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамбар С.