ХХІ ғасырдың жас маманы - жас мұғалімі қандай болмақ ? Әрине, оның өз кәсібінің майталманы болып , осы мақсатқа рухани күш жігерін, парасат қуатын салу керек екендігін айтпаса да анық . Биылғы оқу жылында Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебіне информатика, математика пәнінің мұғалімі болып жас маман Батаузова Аида Дулатқызы жұмысқа қабылданды. Өз еңбек жолын осы мектептен бастап отырған жас маман Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген.
Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы екенін әрдайым санасына ұстана отырып 5 сыныптың сынып жетекшісі ретінде Аида Дулатқызы баланың тілін тауып, ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындатып жүрген жандардың бірі. Аида Дулатқызы білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты, жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектептің сыныптан тыс іс-шараларына да белсене қатысуда.
Жас маман жарқын елдің шамшырағы дегендей Аида Дулатқызы шәкірттеріне үлгі, өнеге болатындай ұстазым деп атайтын атқа ие боларына сенімдіміз.
Оқу ісінің меңгерушісі Бекей Айнұр