10-20 қараша аралығында «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігін өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сай, «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» дейді. Иә, шынында, бала дүниеге келген сәттен-ақ өзінің құқығына ие болады. Себебі «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы- адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деп Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің бастауы-халық. Яғни адам өзінің ойын, пікірін еркін айтуға да құқылы. Мектебіміздің 3-6 сынып оқушылары «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында суреттер салса, 7- 11 сынып оқушылары "Менің құқығым" тақырыбында эссе жазды. «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларына тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б дәріс оқыды.