Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 9- сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестат табыстау салтанаты өтті. Іс-шарада мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата- аналар оқушыларға тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты. Оқушыларға аттестаттар табыс етіліп, ата- аналарға алғыс хаттар берілді. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл - қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.