Текст
Бүгін Бастау ауылының №2 ЖОББМ даярлық топпен және шағын орталығымен қоштасу ертеңгілігі өтті. Бүлдіршіндер ата-аналарға, ұстаздарға және қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Шағын орталығының қыздары «Үнді биін» ал ұлдар «Батырлар биін» көрсетті. Дәулетхан Раяна «Анашым» атты әнді орындады. Шанербекқызы Інжу «Әнші» болу арманым» әнмен сахнаға шықты. Даярлық тобының бүлдіршіндері флешмоб билеп, мектеп, білім, Отан туралы әндерді шырқады. Іс-шараның соңында барлық бүлдіршіндер вальс билеп, мадақтама қағазымен марапатталды. Балалар мерекеге белсенді қатысты.
Даярлық тобы тәрбиешісі Тойшубекова А.Т.
Шағын орталығының тәрбиешілері: Куснутдинова З.К., Бақыт Ж.