Бастау ауылының №2 ЖОББМ-де мектеп оқушылары сабақ басталмас бұрын 8-20 дан 8-25 аралығында кезекші сыныптар, оқушыларға арналған таңертеңгілік жаттығу, жасалып отырады. Мұндағы мақсат оқушылардың дене қимылын қалыптастыру таңертеңгі жаттығу мен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоцианалдық өрлеу басталады, еңбек қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп тәңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмдерін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа,бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы жәнебасқа функцияларының қызыметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау , тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамды өмір бойында сақтайды.