Текст
10.02.2025 ж Бастау ауылының №2 ЖОББМ 9-11 сыныптар арасында "Ауғанстан -жүректегі жара"тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру.Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып,оқушыларды ұлтжандылыққа,отанын сүюге тәрбиелеу; Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі есінде сақталуда.Бүгінде біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын,Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды құрмет тұтуға міндеттіміз.
Тарих пәнінің мұғалімі: Хурамхаз Ж