Бүгін 03.03.2025ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де 3 сынып оқушыларымен 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында «Менің анам алтын» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Отбасының, өз ортасының абыройын асыру. Оқушылардың ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Оқушылар өз қолдарымен аналарына, әжелеріне құттықтау ашықхаттар дайындады. Өздері білетін ана туралы өлең, тақпақтарын айтты.
Бастауыш сынып мұғалімі Тайбагарова З.К.