Текст
Бүгін 7.04.2025ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де 3 сынып оқушыларымен 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай
«Өмірге салауатты қадам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың маңызын түсіндіру.
Салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.
Дұрыс тамақтану, спорт және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы білім беру.
Оқушыларға ойын алаңында қауіпсіздік сақтау ережелерін үйрету.
Қауіпті жағдайларды алдын алуға дағдыландыру.
Ойын кезінде өзара сыйластық пен жауапкершілік қалыптастыру.
Бастауыш сынып мұғалімі Тайбагарова З.К.