«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптар апталығының ашылуы

14.04.2025

Бастау ауылының № 2 жоббм  14.04.2025 ж.  күні "Бастауыш сыныптар бірлестігінің" әдістемелік апталығы мәре алды. "Таңғы сәлемдесу" рәсімін бастауыш сынып мұғалімдері Тойшубекова Б.А. және Ербалина С.Н. бастады.Кіріп келген ұстаздар мен оқушыларды құшақ жайып, сәлемдесіп қарсы алды. Апталық мақсаттарына бастауыш сынып оқушыларының  ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, ;танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімділігін көтеру жатады.Алдымен өткен мектепке дейіңгі ұйымдарының апталығынан эстафета қабылданып, салтанатты түрде " Бастауыш  сыныптар бірлестігінің" апталығы ашылды деп жарияланды. ӘБ жетекшісі Ербалина С.Н. кіріспе сөзін айтып, 4 сынып оқушылары мектеп туралы әсем әнмен жалғастырды. Безендірілген көрнекіліктерге сай, кішкентай "аралар" көмекші ретінде сұрақтарға дұрыс жауап  берген оқушыларға тәтті сыйлықтар таратты. Ұстаздар мен оқушылар ұсынылған апталық жоспарымен танысып шықты.

Просмотров: 110


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст