Текст
Бастау ауылының №2жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектебім-мейірім мекені!» атты бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын ҚР Әнұранымен басталып шашу шашылды. Құрметті қонағымыз, Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы Серікпаев Адильхан Дастанұлына алғашқы құттықтау сөз кезегі берілді. 1сынып шәкірттері, тақпақ, өлең айтты. Ал 11сынып оқушылары алғаш табалдырық аттаған 1 сынып оқушыларына сыйлықтарын беріп әндерін арнады. Алғашқы қоңырау соғу үшін 11 сынып оқушылары Тойшубеков Азамат және Нұрболат Мақпал, 1 сынып оқушылары Жәнібекұлы Айдар мен Әлібиқызы Аяулым қоңырау соқты. Жиын соңында оқушыларымыз келген қонақпен суретке түсті.