Текст
22.09.2025
Бүгін 1-сынып оқушылары үшін мектеп кітапханасында қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Балалар кітапхананың ережелерімен танысып, кітаптарды дұрыс ұстау және сақтау жолдарын үйренді.
Кітапханашы оларға түрлі ертегілер мен қызықты кітаптарды көрсетті, сонымен қатар кітап оқудың пайдасы туралы әңгімелеп берді.
Экскурсия соңында балалар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, оларды оқуға алып кетті. Бұл шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқуға деген қызығушылығын оятты.
Кітапханашы: Хулжабай Ж.