19 қыркүйек күні Атбасар қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде 3–4 сынып оқушылары арасында аудандық "Тіл дарыны" олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты – көптілділікті дамыту, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру және тілдік қабілеті жоғары, дарынды оқушыларды анықтау болды.
Олимпиадада қатысушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тапсырмалар берілді. Тапсырмалар әртүрлі бағытта болды: грамматикалық жаттығулар, мәтінмен жұмыс, аударма және тілдік түсінік пен шығармашылықты талап ететін тапсырмалар.
Біздің мектебімізден бұл олимпиадаға:
Салмұхан Камшат, 4-сынып оқушысы
Амангелді Сұлтан, 3-сынып оқушысы
қатысып, жоғары дайындық пен білім деңгейін көрсетті.
Оқушыларымызға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, білім жолында жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Габбасова Баян Салмұханқызы