Бастау ауылы №2 орта мектебінде «7 мамыр Отан қорғаушылар күніне» орай 5-11 сыныптар арасында саппен ән айту шеруі өтті. Бұл күн –қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні. Дәстүр бойынша мектепте жыл сайын мамыр айының алтысында саппен ән айту шеруі өтеді. Бұл шеруге әр сынып киім тігіп, ән айтуды дәстүрге айландырған, сонымен қатар қабырға газетін шығарады. Сынып жетекшілер де өз сыныптарының әскери киім киіп тұрғанын қалау мақсатында белсене істер атқарып, сыныбының намысын қорғау үшін өз қолынан келгенін аямай жұмыс жасайды. Ән шеруін бастамас бұрын мектеп директорының міндетін атқарушы Тойшубекова Бахытжамал Ануарбекқызы құттықтау сөзінде оқушыларға өз елінің патриот азаматы болуды тіледі. 5,6,7,8,11 сыныптар оқушылары «Саппен ән айту» шеруін көрсетті. Оқушылардың белсенділігін әділ қазылар алқасы бағалап, марапаттады.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Бекей Айнұр