Балалардың асыға күтетін маусымы, Жаз. Әр бала жаз мезгілін барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Жаз маусымы басталысымен оқушы қауымының арманына арқау болатын балалар алаңқайлары есіктерін айқара ашып күтуде. Сол алаңқайдың бірі Бастау ауылы №2 орта мектебінің жанынан құрылған «Айгөлек» алаңқайы. «Айгөлек» алаңқайының мақсаты оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға және денсаулықты нығайтуға бағытталған. Осы алаңқайдың 1 ауысымында 10 бала демалды. Балалар өздерінің бос уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізді деп ойлаймын. Жоспар бойынша «Еліміздің мақтанышы рәміздерім» тақырыбында танымдылық сағат өткізіліп, балалар өздерінің еліміздің рәміздеріне құрметтейтінін атап өтті. Ең қызықты ұнаған ойын «Сыйқырлы орындық» ойыны. «Жайдарлы жаз», «Ауылым мақтанышым»тақырыбында суреттер байқауы ұйымдастырылды , «Күлдір-бүлдір» күлкі күні балалар өздері құрастырған әзілдерімен бірін- бірі күлдіріп,көңілдерін көтерді. Күнделікті таза ауада денемізді шынықтыру жаттығуларын жасадық. Жазғы демалыс күндері балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, бос уақыттарын қызықты ұйымдастыру менің басты мақсатым деп барынша түрлі кештер, спорт жарыстары, викториналық ойындар, конкурстар ұйымдастырдым. Ауысым соңында балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Балалар жазғы демалысын қызықты өткізді деп сенімдімін.
Бастауыш сынып мұғалімі Нажикенова Ж. Б.