Қыркүйек айының 2-жұлдызында Қасым - Жомарт Тоқаевтың жолдаған жолдауыбойынша Бастау №2 орта мектебінде ұстаздар мен қызметкерлер арасында кең көлемде таныстырып әр тапсырманын орындалуын, жолдауға деген сенімімізді білдірдік.Жолдауда жер, тіл мәселесі, мемлекеттік сатып алу, Ұлттық қор қаражаты, мұғалімдердің жалақысы тәрізді халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселерді көтерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында заманауи тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, сондай-ақ, аймақтар мәселесі жайлы айтты. «Жұмысымызда Елбасы жасаған Бес институционалдық реформа және Ұлт жоспарын толыққанды іске асыру қажеттілігін ескеруіміз керек. Ол құрған Ұлттық модернизациялау комиссиясының жұмысы қайта жандануы керек»,– деді Мемлекет басшысы. Заманауи тиімді мемлекет құру үшін жақын арада келесі шаралар орындалуы керектігін айтты: партия құру процесін жалғастыру, халықпен тиімді кері байланыс орнату, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық келісімді нығайту. Мемлекет басшысы сөзінде бейбіт шеруге шығуға тиым салынбайтынын ескертіп, егер бейбіт шеру заңды бұзбай, азаматтардың тыныштығын да бұзбауді көздесе, заңға сәйкес тәртіп бойынша рұқсат берілуі тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!»,- деді. Сондай-ақ, Президент «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейітуді де атап өтті Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Ол үшін азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтудің шешуші факторы сот және құқық қорғау жүйесін терең реформалау керек екендігі айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter әлеуметтік желісінде тамыз айының басында Халыққа Жолдауында есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктелетінін алдын-ала хабарлаған еді. Сол тапсырмасын қайталап айтып, әсіресе балаларға қарсы қылмыс үшін жазаны қатаңдатуды баса айтты.Біз ұстаздар қауымы елбасымен біргеміз!!
Тарих пәнінің мұғалімі Хурамхаз Ж.