Мектебімізде тарих пәні онкүндігі өткізілді. Жоспар бойынша құрылған іс-шаралар өткізілді. 11.11 күні апталықтың ашылуы болды. Оқушылар тарихқа байланысты сауалнамаға жауап беріп, жұмбақтар шешіп , өлең-тақпақтарын нақышына келтіре оқыды. Тарих пәнінің мұғалімі Хурамхаз Жимсбэктің 9-сыныпта «Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты «Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқты?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылармен психологиялық ахуал болды. Үй тапсырмасы : «Серпілген сұрақ» әдісі арқылы, лақтырылған доп арқылы оқушылар өтілген сабақ бойынша өз ойларын жеткізіп сұрақтарға жауап берді. Жаңа сабақты аңықтау мақсатында «Ой қозғау әдісі» бойынша тақырыпты ашып , ары- қарай мәліметтер арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Тақырып арқылы ұжымдастыру саясатының ауылшаруашылығына тигізген зардаптарын талдай алды, ауылшаруашылығына тигізген әсеріне баға бере білді. Топпен жұмыс жасалды. 1-топ, 2-топ. Сабақ барысында байқағаным жаңартылған бағдарлама, деңгейлік бағдарламасы бойынша барлық тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер қолданылды. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс т.б. Бейне материалдар көрсету арқылы да оқушылардың зейінін өзіне қаратты. Оқушылардың қызығушылығы керемет болды деп айта аламын. Сабақ соңында кері байланыс, уақытымен үй тапсырмасы мөлшеріне сай берілді. Топтық жұмыста оқушылардың жауаптары сұрақтарға сай берілуі, әр жұмыстың өзіндік қорытындысы жасалып отырды. Оқушылар өте белсенді болды. Оқушылар өзін-өзі бағалап және бірін-бірі бағалай білді. Мұғалім жақсы сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын, оқушылардың белсенділігінен байқауға болады. 8-9сыныптар аралығында сыныптан тыс тәрбие сағаты: «Ата жұрт –тарихыңды таны атты» сайыс өткізілді. Заман талабына сай бүгінгі күнде жастарымыздың ой пікірлерін ортаға салып талдап талқылауы, осындай іс-шараларымыздың қажет екендігін білдіреді. Хурамхаз Ж. ашық тарих пәнінің апталығын ойдағыдай аяқтады, сабағы мен іс-шараларының кең көлемде жоғары дәрежеде өткізілгенін айта кеткім келеді деп мектеп әкімшілігі мен сабаққа қатысқан ұстаздардың лебіздері болды, өз ұсыныс тілектерін айтты.. Барлық жоспарға алынған іс-шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Тарих пәнінің мұғалімі: Хурамхаз Ж.