Желтоқсан айының 15-і күні балалар жылына орай « Жыл оқушысы-2022» мектепішілік сайыс өтті. Сайыс екі топ оқушылары арасында өткізілді. Бірінші топ 5-7 сынып оқушыларынан және екінші топ 8-11 сынып оқушылары арасында болды. Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру. Сайыс 5 кезең бойынша өтті: «Сәлем сөздің анасы», «Ойлы болсаң-озып көр», «Өз өнерін көрсету», «Тапқыр болсаң-тауып көр», Портфолио. Сайысқа орта буын оқушылары арасынан 5 сынып оқушысы Ысқақ Аяулым, 6 сыныптан Наурызбай Аружан, 7 сынып атынан Ханай Мадина қатысса, жоғарғы буын оқушылары 8 сыныптан Салимжанова Аида, 9 сынып атынан мың бұралған биші қызымыз Хиватдолда Оқушылар барлық кезеңде өздерін жан-жақты көрсетуге тырысты. Орта буын арасынан суырып салып 7 сынып оқушысы Ханай Мадина жеңіске жетсе, жоғарғы буын оқушылары арасынан 10 сынып оқушысы Куснутдинова Гулзар «Жыл оқушысы-2022» атанды.
Оқу ісінің меңгерушісі Бекей А.