Бастау ауылы №2 орта мектебінде 25-29.11 аралығындағы химия және биология пәндері апталығы өтті. Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. 2019 жылы 27 қараша айында 7 сыныпта биология пәнінің мұғалімі Мусайф Жанар ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Жапырақтың құрылысы мен қызметі». 2019 жылы 25 қараша айында 7 сыныпта химия пәнінен «Атомнын курамы мен курылысы» тақырыбына ашық сабақ өтті. Нажикенова Женискуль Бодешовна химия пәнінін мұғалімі сабақты үш тіл бойынша өткізді. Сабақта жаңа тақырыпты және сабақтың мақсаты тілдіқ мақсатымен дәл келді. Апталық бойы оқушылар «Химия әлемі» және «Биология әлемі» газет шығарып, сөзжұмбақтарды шешіп, химия мен биология пәнінен интелектуалдық сайыстарға белсенді қатысты. Онкүндіктің соңында ең белсенді сынып, оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Әдістеме бірлестік жетекшісі Искакова Г.Т.