Бастау ауылының № 2 жалпы орта мектебінде 2- ші сынып аралығында қысқы демалыстағы жоспар бойынша «Сен білесің бе?» интеллектуалдық викториналық сайыс өтті. Оқушылар «Бүркіт тобы», «Қыран тобы » деп екі топқа бөлінді .
Бұл іс шараның мақсаты: Балалардың атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін, ойлау қабілеттерін, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын, танымдық қасиеттерін дамыту. Сайыс 4 кезеңнен құрылды.
І-кезең: «Білгенге маржан»
ІІ- кезең :«Тапқыр болсаң, тауып көр».
ІІІ – кезең : «Ой толғаныс».
ІV- кезең: «Жұмбақтар әлемі»
Сайысымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Сайыста екі топта белсенділік танытып, «Достық» жеңді. Сайыс өте керемет және өте қызықты өтті.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті балалар!
Бастауыш сынып мұғалімі : Коспаева А.Ж.