Текст
Орыс тілі пәндік апталығы оқушылардың жеке ерекшеліктерінің дамуына әсер ете отырып,оқу іс-әрекетінде оң әсерін береді. Сонымен бiрге оқушылар өткізілетін қызықты іс- шараларға белсене қатысуға ынталандыра түседі. Оқушыларда өзiн-өзi бақылау, басқару дағдылары қалыптасады.16.01 орыс тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы өтті, мұғалім іс-шаралар жоспарымен таныстырды. 4 сынып оқушысы Қамбар Ернұр " Орыс тілін үйренейік, достар!». Содан кейін 4 және 5 сынып оқушылары орыс тілі туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Пән мұғалім логикаға көптеген қызықты сұрақтар қойды, ал оқушылар оларға ынта - жігерлікпен жауап берді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Габбасова Б.С.