Текст
5-7 сыныптарда "Жемқорлықтың тарихи тамыры" атты сынып сағаты өтті. Мұндағы мақсат: "Сыбайлас -жемқорлық " деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру . Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту . Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Әділдікке тәрбиелеу . Патриоттық тәрбие қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Жалпы жемқорлық деген не? Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындық танытуы.