Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің даярлық тобында сауат ашу негіздері пәнінін ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.
Қызметінің мақсаты: [д] дыбысымен оның ерекшелігімен таныстыру, айтылуын қалыптастыру, сөздегі [д] дыбысын ерекшелеу және оның сөздегі орнын анықтау.
Жағымды эмоциялық көңіл күй орнату.
Сол жақтағы көршіңе күлімсіре,
Оң жақтағы көршіңе күлімсіре.
Сол көршіңді құшақта,
Оң көршіңді құшақта,
Достарыңды құшақта,
Бізге бірге жүрген көңілді!
Дыбыспен таныстыру
«Әліпби» мультипликациялық фильмінен үзінді қарады.
Жұмбақ жасыру:
Қалада бар,
Жаста жоқ
Ауылда бар,
Таста жоқ. «Д»
Тапсырманы «Сөздерді аяқта»
Тапсырма: «Буынға бөл»
Қолды жазуға дайындау: балалар қолдарын құлып сияқты біріктіреді де, үлкен саусақтарын бір бірімен жылдамдықты көбейтіп айналдырады.
Дәптермен жұмыс: қарындаш пен қаламды ұстау ережесін сақтау.
Даярлық тобының бүлдіршіндері ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы көңілімен және қызықпен қатысты. Барлық тапсырмаларды орындап, суреттерді бояды.
Даярлық тобының тәрбиешісі Тойшубекова А.Т.