Текст
Қаңтар айының 23 күні Бастау ауылының N2 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тілім менің - тірлігімнің айғағы" атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің ашылуы өтті. Бұл іс-шараға 5-8 сынып оқушылары өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін жатқа айтты. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Кенжебаева З.К және Хамбар С оқушыларды онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар "Қызықты қазақ тілі әлемі" атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылып, оқушылар белсене жауап берді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебаева З.К.